Швециядағы Линчёпинг қаласында қуатты жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қуатты жарылыс ел астанасы Стокгольмнен 174 шақырым оңтүстіктегі Линчёпинг қаласының қақ ортасында болған, деп хабарлайды ТТ агенттігі.

Швециядағы Линчёпинг қаласында қуатты жарылыс болды

Жарылыс салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді.

«Біз Хамнгатан көшесінде қатты жарылыс болғаны туралы хабар алдық. Оқиға орнына барған кезде әлдененің жарылғанын көрдік», - дейді полиция баспасөз қызметінің қызметкері Оса Виллсунд.

Жарылыс бірнеше компаниялар орналасқан ғимараттар мен тұрғын үйлерге жақын маңда болған. Олардың да терезелері сынған, балкондары қираған.

«Қазір оқиға орнын қауіпсіз етіп, жапа шеккендердің бар-жоғын анықтап жатырмыз», - дейді Виллсунд.

Оқиға орнына 14 жедел жәрдем машинасы жіберілген.

Жарылыс себептері әзірге белгісіз.

null null