Швециядағы түнгі клубта жойқын жарылыс болды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның Мальме қаласындағы Babel түнгі клубында жойқын жарылыс болды.

Швециядағы түнгі клубта жойқын жарылыс болды

Daily Star басылымының жазуынша, куәгерлер бірнеше рет қайталанған күшті жарылыстың болғанын айтады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, оқиға жайлы толық ақпарат берілмей отыр.

Қазіргі кезде оқиға орнында полиция және саперлер жұмыс жүргізуде. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғимараттың айналасындағы аумақты қоршауға алған.