Швециялық әнші - «Еуровидение-2012» байқауының жеңімпазы
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Баку қаласында «Еуровидение-2012» ән байқауы мәреге жетті.
Бірінші орынды "Euphoria" әнін орындап 372 балл жинаған Швеция өкілі Лорин ұтып алды. Әншіге 18 байқаудың ең жоғары ұпайы - 12 баллдан берді, деп хабарлады Лента.ру.
Ал екінші орын "Party for everybody" әнін орындаған ресейлік «Бурановские бабушки» тобына бұйырды. Олар 259 балл жинады. Жүлделі үшінші орында сербиялық Желько Йоксимович жеңіп алды. Сонымен қатар үздік бестікке әзербайжандық Сабина Бабаева мен албаниялық Рона Нишлиу кірді.