00:21, 29 Наурыз 2013 | GMT +5
Швециялық және даниялық ақшалардың ең лас екені белгілі болды
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Оксфорд университетінің ғалымдары қай елдің ақша купюралары бетінде ең көп бактерия бар екенін анықтау үшін зерттеу жүргізді. Бұл туралы utro.ru хабарлады.

Зерттеу жұмыстары барысында швециялық және даниялық ақшалардың ең лас екені белгілі болды. Яғни, Швецияның және Данияның әр кронында орташа есеппен 40 мың бактерия анықталған. Ал еуро ең таза валюта болып шыққан, оның банкноттарында орташа алғанда 11 мың бактерия жайылған көрінеді. Ресейлік купюраларда 30 мың бактерия бар екен. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, ақша бетінде 26 мың бактерия болса, онда бұл инфекциялық ауруды қоздыруға жеткілікті.