Швед ғалымдары медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары атанды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Стокгольмде әлемдегі ең беделді ғылыми марапат - Нобель сыйлығының алғашқы лауреаттары жарияланды. Швед корольдік ғылым академиясы бір топ зерттеушілерге: Джеймс Ротманға (Йельск университеті, АҚШ), Ренди Шекманға (Беркли, АҚШ) және Томас Зудофқа (Стенфорд университеті) осы сыйлыққа лайық деп танылды. Бұл туралы РБК хабарлады.
None
None

Марапат адам жасушаларында жүйе тасу саласында көпіршіктердің қозғалысын реттеу тетігін ашқаны үшін тапсырылды.

Ғалымдар адам ағзасының әр жасушасы молекулаларды жасап шығаратын және "сыртқа шығаратын" ерекше зауыт болып табылатынын анықтады. Бұл молекулалар ағза бойынша арнайы "қаптамада" - ауа көпіршіктерінде жылжиды. Сонымен қатар олардың қозғалысы нақты уақытта және нақты жерде өтеді.

Д.Ротман көпіршіктердің қалыптасуына және мақсатын жүзеге асыруына жағдай жасайтын ақуызды ашты. Т.Зудоф жасушаға "жүкті" нақты уақытта жеткізу үшін қандай белгі берілетінін сипаттады. Р.Шекман осындай ағын үшін қажетті гендер жиынтығын ашты. Ғалымдар үштігі жасушалық "жүкті" тасымалдау және жеткізу жүйесін "ең нақты" бақылауды сипаттады. Бұл келешекте диабет және иммунологиялық бұзылу сияқты ауруларды жеңуге мүмкіндік береді.

Ең көп дауысқа ие болған Калифорния университетінің профессоры Денис Слэймон молекулярлық тетіктерді меңгеру саласындағы алдыңғы қатарлы маман болып танылды.

Соңғы жаңалықтар