Швед спортшысы әлемде тұңғыш болып қар көлігімен ауада екі айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швециялық экстремал Дэниел Бодин әлемде тұңғыш болып қарда жүретін көлікпен артқа қарай 2 мәрте сальто жасады, деп хабарлайды Red Bull сайты.
Спортшы бұл әрекетті жасауды екі жылдан астам уақыт армандағанын, ал қазір мұны жасау қолынан келгеніне сене алмай отырғанын айтқан. Бодин сондай-ақ соңғы бірнеше айын тұтас осы әрекетті жасауға дайындықпен өткізгенін де мәлімдеген.
Бодин экстремалды спорттың жанкүйерлерін алғаш рет таңғалдырып отырған жоқ. Ол 2013 жылы шаңғы трамплинінен қар көлігімен секіріп, 66 метр жер қалықтап барып қонған.