Швед суларында Ресейлік сүңгуір қайықты іздеп жатыр
АСТАНА.ҚазАқпарат - Швеция өз суларынан ресейлік сүңгуір қайықты іздеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Svenska Dagbladet.
Швецияның ӘТК қызметінің мәліметтеріне қарағанда, олар ресейлік әскерилердің оқыс жағдайда қолданатын каналынан радио дабыл естіген. Ондағылар орыс тілінде сөйлескен.
Жұма күні Балтық теңізіндегі тап осы нүктеден тағы бір құпия радио дабыл алынған.
«Біз түскен ақпаратты шындыққа жанасады деп есептейміз. Мен операция басшысы ретінде іздеу аймағындағы корабльдердің санын көбейтуге тапсырма бердім»,- деді журналистерге капитан Йонас Викстрем.
Қазіргі уақытта дабыл көзін іздеу жұмыстары жүріп жатыр.