Шведова Australian Open аралас турнирінің екінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен пәкістандық Айсам-уль-хак Куреши Australian Open бірінші аралас турнирінің кедергілерін еңсерді, деп хабарлады Sports.kz.
Шведова мен Курешидің бірінші раундтағы қарсыластары Австралия өкілдері Дарья Гаврилова мен Люк Сэвилл болды. Матч қазақстандық-пәкістандық жұптың жеңісімен аяқталды (6:4, 7:5).
В 1/8 финалда Ярослава мен Айсам Сания Мирза (Үндістан) /Иван Додиг (Хорватия) - Айла Томлянович (Хорватия) Ник Кирьос (Австралия) бәсекесі жеңімпаздарымен кездеседі.