Шведова Australian Open жарысының ширек финалына өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Australian Open-2017» додасының үшінші айналымында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ спортшысы Ваня Кингпен жұптасып, Мирьяна Лучич-Баронимен (Хорватия) және Андреа Петковичпен (Германия) кездесті, деп жазды Sports.kz.

Шведова Australian Open жарысының ширек финалына өте алмады

Алғашқы сетте Шведова мен Кингтің жолдары болды, алайда келесі екі сетте жеңіліс тауып, қарсыластарына жол берді - 1:2 (6:4, 2:6, 3:6).

Турнирдің үшінші айналымына қатысу үшін 29 900$ жүлде беріледі.