Шведова «China Open»-нің жартылай финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңдегі теннистен ашық чемпионатта жұптық әйелдер бәсекесінің ширек финалдық ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық Ярослава Шведова Австралия спортшысы Кейси Дельаквамен жұпта ширек финал кезеңінде 1 сағат 22 минутта чехиялық Андреа Главачкова / Люси Храдечка 6:4, 6:4 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.