Шведова Family Circle Cup турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова испандық спортшы Анабель Медина Гарригеспен жұптасып, АҚШ-та Family Circle Cup халықаралық турнирінде жеңіске жетті.

Шведова Family Circle Cup турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды

Чарльстонда өткен доданың жалпы сыйақы қоры 710 мың АҚШ долларын құрайды.

Ақтық сында Шведова/Гарригес жұбы тайпейлік Хао-Чин Чан/Янг-Жан Чан дуэтін 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бұның алдында олар тартысты өткен жартылай финалдық бәсекеде АҚШ теннисшілері Ракель Копс-Джонс пен Эбигейл Спирстен 7:5, 6:7, 10:8 есебімен басым түскен болатын.

Осы жеңістен кейін Шведова мен Гарригес 38 мың доллар ұтып, WTA рейтингісінде 470 ұпайдан иеленді.