21:04, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Шведова Hong Kong Tennis Open жұптық бәсекенің ширек финалына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова франциялық спортшы Ализе Корнемен жұптасып, сәрсенбі күні жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Prudential Hong Kong Tennis Open жарысы жұптық бәсекесінің ширек финалына өтті.

Бұл туралы sports.kz жазды.
Бірінші айналым матчында Шведова/Корне жұбы Лаура Поус-Тито (Испания)/Ирина Рамиалисон (Франция) жұбын 7:6, 6:0 есебімен ұтты. Ширек финалда қазақстандық-ресейлік жұп бастапқы раундта Гонконг спортшылары Шун Шер мен Хо Вуды 6:3, 6:3 есебімен жеңген Чи-Янг Шуанг (Тайпей)/Люксика Кумхуммен (Таиланд) кездеседі.