Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі аптада WTA рейтингі жаңарады. Жаңа тізімде қазақстандық спортшылардың орыны өзгереді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ярослава Шведова тізімде Бейжің турнирінің ширек финалына шыққанының арқасында Юлии Путинцевадан жоғары орынға көтерілмек. Осылайша ол Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады. Оның осыған дейінгі жетістіктерінің жаңа рекорды - WTA рейтингінде 25 орынға табан тіреуі болмақ.