21:54, 02 Мамыр 2017 | GMT +5
Шведова Мароккодағы турнирді сәтті бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рабатта өтіп жатқан сыйлық қоры 226 мың долларды құрайтын WTA теннис турнирінің бірінші айналым матчында қазақстандық теннисші екі сетте сербиялық Александра Круничті жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Жарыс 1 сағат 31 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Ирина Бегу (Румыния) - Татьяна Мариа (Германия) жұбының жеңімпазы Шведованың келесі қарсыласы болады.
Еске салайық, осы турнирде тағы бір теннисшіміз - Юлия Путинцева бірінші айналымда германиялық Петковичті ойсырата жеңген болатын.