09:56, 04 Сәуір 2016 | GMT +5
Шведова мен Бабош «Miami Open-де» жұптық жарыстың ақтық сынында жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка спортшысы Бетани Маттек-Сэндс пен чехиялық Люси Шафаржова Майамидегі жұптық сайыстың ақтық кезеңінде венгриялық Тимеа Бабош пен Қазақстан спортьшысы Ярослава Шведованы 6/3, 6/4 есебімен ұтты. Спортшылар кортта 1 сағат, 22 минут ойнады, деп жазады sports.kz.

«Miami Open» турниріндегі жұптық жарыс жеңісі Маттек-Сэндс және Шафаржоваға ағымдағы маусымда бірінші табыс 336 920 доллар жүлде мен 1000 рейтингтік ұпай әкелді.