20:52, 30 Наурыз 2016 | GMT +5
Шведова мен Бабош «Miami Open» турнирінің ширек финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Майамидегі «Мастерс» кортында әйелдер арасындағы жұптық сынның ширек финалға шыққандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық Ярослава Шведова венгриялық теннисші Тимеа Бабошпен жұптасып екінші айналымда Ярославаның бұрынғы серіктесі Кейси Делльаква және оның отандасы Саманта Стосурды - 7:5, 6:4 есебімен жеңді.
Шведовы және Бабоштың келесі қарсыластары украиналықтар Алена Бондаренко және Ольга Савчук болмақ.
Бұл кезеңде жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық-венгриялық дуэт ресейлік Маргарита Гаспарян және румыниялық Моника Никулескумен (алдымен олар Мартина Хингис (Швейцария) Сания Мирза (Үндістан) - 6:4, 6:2 есебімен, кейін Ваню Кинг және ресейлік Алла Кудрявцева жұбын - 6:3, 7:6 (3) есебімен жеңді) күш сынасады.