Шведова мен Бабош «US Open» жұптық кезеңінің үшінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы теннистен ашық чемпионатта әйелдерге арналған жұптық кезеңнің екінші айналымының барлық ойындары аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстандық Ярослава Шведова мен венгриялық Тимеа Бабоштың жұбы латвиялық Елена Остапенко мен неміс Андреа Петковичті - 6:2, 6:4 есебімен ұтқаннан кейін жарыстың үшінші раундына шықты.
Шведова мен Бабоштың келесі қарсыластары америкалық Азия Мұхаммад пен Тэйлор Таунсенд.