Шведова мен Воскобоева Федерация Кубогында жұптық кездесуде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл күндері Хуа Хинде (Таиланд) Азия/Океания аймағының Федерация Кубогының топтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Шведова мен Воскобоева Федерация Кубогында жұптық кездесуде жеңіске жетті

Қазақстандық Ярослава Шведова мен алған жарақатынан айыққан Галина Воскобоева кәріс спортшылары Хан На Лэ мен Ли Со Раны 6:2, 6:3 есебімен ұтып, Оңтүстік Кореямен В тобындағы матчтық жеңісін 3:0 есебімен нығайтты.

Ертең біздің командамыз ҚХР құрамасынан басым түскен Қытайлық Тайпеймен кездеседі.