Шведова Румыниядағы турнирде Пашекті жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бухаресттегі теннис турнирі екінші айналымының ойындары басталды. WTA бойынша 79-шы орындағы қазақстандық теннисші Ярослава Шведова әлемнің 243-ші ракеткасы австриялық Тамира Пашектен 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.
Матчтың 1 сағат 54 минуты ішінде Ярослава бес брейк-пойнтты жүзеге асырды. Турнирдің үшінші кезеңінде Шведова румыниялық Кристина Динумен кездеседі, деп хабарлады sports.kz.