12:41, 02 Шілде 2010 | GMT +5
Шведова Уимблдондағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады, ал басқа қазақстандық теннисшілер турнирді жақсы жалғастырып келеді
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлнара Жандағұлова/ - Қазақстандық Ярослава Шведова австриялық спортшы Джулиана Кноулмен жұптасып ойнауда Уимблдондағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Шведова мен Кноул АҚШ спортшысы Лиса Раймонд пен Оңтүстік Африка Республикасының теннисшісі Весли Мудидан 6:7, 6:3, 2:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз орталығы.
Бүгін Ярослава Шведова мен американдық Вания Кинг жартылай финалда в америкалық жұп Лизель Хубер және Бетани Маттек-Сандспен сайысқа түседі.