11:18, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Шведова «US Open» іріктеу сынының финалында әлемнің 193-ші ракеткасынан жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шведова «US Open» іріктеу сынының финалында әлемнің 193-ші ракеткасынан жеңіліп қалды. АҚШ-та теннистен ашық чемпионаттың іріктеу сынындағы жарыстар аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

«US Open» квалификация жарысының финалында В қазақстандық Ярослава Шведова «үлкен дулыға» турниріне алғаш рет қатысып отырған 24 жастағы хорватиялық Терезе Мрдезеден 7:5, 6:7 (8), 6:7 (4) есебімен ұтылды.
Енді хорватиялық WT рейтингінде өзінен 100 саты жоғары ресейлік Евгения Родинамен бәсекелеседі.