Шведова WTA рейтингінде жұптық разрядтың үздіктер «жүздігінде» үшінші орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Әйелдер теннис федерациясының (WTA) нұсқасы бойынша жұптық разрядтың жаңартылған рейтингінде үшінші орында қалып отыр.
Шведова жұптық разряд рейтингінде қазақстанның үздік өкілі болып қалуда, қазақстандық Зарина Дияс үшінші жүздіктен екінші жүздікке - 274-ші орыннан 192-ші орынға көтерілді, қазақстандық Камила Керімбаева бесінші жүздікте 46 саты жоғары көтеріліп, 443-ші болды, ал Галина Воскобоева 554-ші орыннан 548-ші орынға ауысты. Жұптық разряд рейтингінде Швейцария өкілі Мартина Хингис көш бастауда, екінші орында - Үндістан өкілі Сәния Мирза.