04:38, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Шведтер ағылшын тілін бәрінен жақсы меңгерген
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Шведтер ағылшын тілін білу деңгейі жағынан екінші жыл қатарынан әлемде алдыңғы орында келеді. Зерттеушілердің атап өткеніндей ағылшын тілінің танымал болуының негізгі себептерінің бірі, швед оқушылары оны «ең озық тіл» деп санайды.

Тіл туралы сауалнамаға әлемнің 60 елінен 750 мыңдай адам қатысқан. Нәтижесінде алдыңғы орындарды скандинавтық мемлекеттер иемденген. Швециядан кейін Норвегия, Нидерланды, Эстония, Дания, Австрия және Финляндия елдері келеді.
Шведтердің ағылшын тілін жақсы білуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, мектеп қабырғасында ерте оқи бастайды, екіншіден, елде ағылшын тіліндегі телебағдарламалар мен радио хабарлар, сондай-ақ жарнамалар өте көп тараған.