Шведтік сырықпен секіруші Арман Дюплантис өзінің 13-ші әлемдік рекордын орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Арман «Мондо» Дюплантис Будапештте 6,29 метрге секіріп, 13-ші рет әлемдік рекорд орнатты, деп жазды АЗЕРТАДЖ.

Шведтік сырықпен секіруші Арман Дюплантис өзінің 13-ші әлемдік рекордын орнатты
Фото: Азертадж

«Мондоның» жолы 2020 жылдың ақпанында басталды: ол Польшаның Торуне қаласында 6,17 м нәтижемен бала күнгі кумирі Рено Лавилленидің сегіз жыл бойы өзгермеген рекордын жаңартты.

— Мен бұл нәтижемді Реноға арнаймын, ол болмаса, мен мұндай биіктікті бағындырмас едім, — деді ол.

Бұдан бар болғаны бір апта өткен соң, 20 жастағы спортшы өз нәтижесін тағы 1 см-ге жақсартып, Шотландияның Глазго қаласындағы қысқы турнирде 6,18 метрге секірді.

2022 жылы Дюплантис үш мәрте жаңа рекорд орнатып (6,19 м, 6,20 м, 6,21 м), жабық және ашық алаңдағы әлем чемпионаттарында алтын медаль жеңіп алды.

2023 жылы ол Лавилленидің турнирінде 6,22 м биіктікті бағындырып, кейін Юджинде 6,23 м көрсеткішке жетті.

2024 жыл ерекше болды: сәуір айында — 6,24 м, Париждегі Олимпиада финалында — 6,25 м, ал үш аптадан кейін Катовицеде — 6,26 м.

2025 жылы ол екі рет рекорд орнатты: Клермон-Ферранда — 6,27 м және Стокгольмде — 6,28 м. Бұл жетістігін ол Олимпиада алтынына теңеді.

Ал мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирде жеке рекордын жаңартқан еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум