Швецияда босқындар мәртебесіне қатысты жаңа заң қабылданды
АСТАНА. KAZINFORM — Швеция парламенті үкімет қолдаған босқындарға тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігін алып тастайтын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Швеция мемлекеттік радиосының (SR) хабарлауынша, босқындар мен мигранттардың басқа санаттарына тұрақты тұруға рұқсатты алып тастау туралы заң жобасы көпшілік дауыспен мақұлданды.
Жаңа ережелерге сәйкес, 12 шілдеден бастап Швециядағы баспана іздеушілерге, сондай-ақ басқа да миграциялық санаттардың мүшелеріне тек уақытша тұруға рұқсат беріледі.
Бұл ретте өзгерістер тұрақты тұруға рұқсаты барларға қатысы жоқ екені атап өтілді. Алайда болашақ өтініш берушілер үшін тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі толығымен жойылады.
Осыған дейін Швеция азаматтық алу талаптарын қатаңдатқаны хабарланды. Құжатқа сәйкес, елде натурализация талаптары барлық негізгі бағыттар бойынша күшейтілді. Атап айтқанда, елде тұру мерзімі мен үміткердің табыс деңгейіне қойылатын талаптар қайта қаралды.
Сондай-ақ Швециядан 20 өзбекстандық депортацияланғанын жазған болатынбыз.