Швецияда күзен өсіру тоқтатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Швециядағы қалған 27 күзен фермасының барлығы өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, фермерлер 2025 жылғы 30 маусымға дейін күзен өсіруді тоқтататындарға арналған мемлекеттік өтемақыны алу үшін өтініш берді.
Жалпы өтемақы сомасы 180 миллион швед кроны (шамамен 17 миллион АҚШ доллары) және ол өсірілген аналық жануарлардың санына байланысты бөлінеді.
Бұған дейін Швеция үкіметі тері үшін жануар өсіруге тыйым салу мүмкіндігіне қатысты тергеу бастау туралы бастама көтерген еді. Алайда саланың өзі нәтижесін күтпей, өз еркімен жұмысын тоқтатуға шешім қабылдады.
Svensk Mink ұйымының директоры Йорген Мартинссонның айтуынша, жаңа фермалар ашу болашақта мүмкін емес көрінеді.
Салалық ұйымның өзі де тарату процесінде, бірақ өтемақы төлемдері толық аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.
Айта кетелік Швеция жастары дербес өмірге дайын емес екендігі туралы жазған едік.