Швейцария ғалымдары Эболаға қарсы жаңа вакцинаны сынауға кіріседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Женева Университетінің госпиталінде 10 қарашада Эбола безгегіне қарсы жаңа вакцинаны адамдарға сынауды бастауға әзірлік жасалып жатыр, деп хабарлады «Газета.Ru».

Швейцария ғалымдары Эболаға қарсы жаңа вакцинаны сынауға кіріседі

VSV-ZEBOV вакцинасын сынау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қамқоршылығымен өткізіледі. Жаңа дәрі-дәрмек денсаулығы жақсы 115 адамға тестіленеді, оған Германияның, Габонның және Кенияның 140 азаматы қосылады. Мамандар зерттеулердің алдын ала нәтижелері желтоқсан айында белгілі болады деп күтуде.