Швейцария М.Каддафи мен Х.Мубарактың есепшоттары туралы мәліметтерді жария етті

деп хабарлайды РБК агенттігі.
Швейцарияның Сыртқы істер министрлігі таратқан деректерге сәйкес, М.Каддафидің есепшотында 360 миллион франк (415 миллионға жуық доллар), Мүбарактың шотында - 410 миллион франк (470 миллионға жуық доллар), бен Әлидің шотында -60 миллион франк (69 миллиондай доллар) болған.
Х.Мүбарак пен М.Каддафидің салымдарын Швейцария - ақпан айында жауып тастаса, бен Әлидікін қаңтарда жапқан.
Естеріңізге сала кетейік, Тунисте 14 қаңтарда мемлекеттік төңкерістен кейін ел президенті Зин әл-Әбидин Бен Али елді тастап Сауд Арабстанына қашып кеткен болатын.
Ал Мысырдың экс-президенті Х.Мүбарак отставкасын талап еткен шерушілердің талаптарына мойынұсынып, 11 ақпанда мемлекет басшылығынан кеткен еді. Ливия басшысы М.Каддафи әзірге билік басында. Бірақ елде үкімет әскерлері мен НАТО күштері қолдаған оппозиция өкілдерінің арасында қарулы қақтығыстар жалғасуда.