Швейцария Сириядағы елшілігін жапты

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік мақсатында Швейцария Сириядағы елшілігін жапты, делінген швейцариялық СІМ таратқан хабарламада, деп жазады Утро.ру.

Швейцария Сириядағы елшілігін жапты

Ақпан айының ортасында Швейцария СІМ-нің басшысы Дидье Буркхальтер Сириядағы елшіліктің жақын күндері жабылатынын мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, бұл шешім арқылы швейцариялық билік Сирияға «күшті белгі жібергісі» келген. Қараша айында швейцарияның сыртқы саясат ведомствосы өздерінің Сириядағы азаматтарын елден тезірек кетуге шақырып, бұл ұранын бірнеше рет қайталады.

СІМ-нің мәліметтерінше, Сирияда Швейцарияның 180 азаматы тіркелген, соның 80 пайызы қос азаматтыққа ие. Шамамен 150 адам әлі де сол елдің аумағында қалып отыр. Олардың үштен екісі Дамаскіде, жекелегені - Алеппода тұрады.