Швейцария теміржолында екі вагон аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 тамызда Швейцарияның Граубюнден кантонында елеулі апат орын алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Швейцария теміржолында екі вагон аударылды

Кур қаласы мен Сэнт-Мориц курортының арасындағы Ретийский темір жолында пойыз рельстен шығып кетті.

Алдын ала болжам бойынша апатқа жар көшкіні себеп болған. Темір жолдағы қозғалыс тоқтатылды. Жолаушылар автобустармен тасымалдануда. RTS.ch хабарлағандай, екі вагон аударылған. Полицияның ақпаратынша, жапа шеккендер бар, құрбан болғандар жоқ.