Швейцария тергеушілері футболды дамытуға ФИФА берген гранттарды тексеріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық тергеушілер Халықаралық футбол федерациясының футболды дамытуға берген гранттарын тексеру үстінде.
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Бұдан бұрын 2010, 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттары өтетін елді таңдау уақытында ақша жымқырған тұлғалар тобына қатысты қылмыстық іс қозғаған швейцариялық компания Майкл Гарсияның ФИФА-ға жүргізген ішкі тергеу қорытындысын төмен бағалады.
Тергеу деректеріне сүйенсек, гранттар беру арқылы дауыс сатып алу жүргізілген болуы мүмкін.