Швейцария тұрғыны лотореядан 93 млн. еуро ұтып алды

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Швейцария тұрғыны әйгілі EuroMillions лотореясынан 93 млн. еуро ұтып алды, деп хабарлайды Ресей жаңалықтары бельгиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Швейцария тұрғыны лотореядан 93 млн. еуро ұтып алды

Бұл - Швейцариядағы ең ірі көлемдегі ұтыс. 2011 жылы Швейцарияның басқа тұрғыны EuroMillions-тан 58 млн. еуро ұтқан болатын.

Лоторея билетінің құны 2 еуро тұрады. Жалпы лоторея ойыншылары саны 200 млн. адамға жуық.