Швейцария үкіметі қазақстандықтарға мемлекеттік стипендия ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетел студенттеріне арналған стипендиялық бағдарламалар бойынша федералдық комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарына PhD дәрежесін алуға арналған мемлекеттік стипендияны ұсынады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» сайтына  сілтеме жасап хабарлайды.

Швейцария үкіметі қазақстандықтарға мемлекеттік стипендия ұсынды

СТИПЕНДИЯ ҰЗАҚТЫҒЫ: 36 АЙ

Стипендия мөлшері: 1 920 CHF, медициналық сақтандыру, оқу бітіргеннен кейінгі жол ақысы, Швейцариядағы қоғамдық көліктік билетке жеңілдік, ықтимал зерттеулерге (сұраныс бойынша) ақы төлеу, экскурсия және барлық қатысушылардың ұйымдастырушылық шығындарын төлеу.

NB: 2018 жылдың 1 тамызынан бастап, стипендия және оның шарттары туралы нақты ақпаратты Халықаралық студенттеріне стипендиялар Федералдық комиссияның веб-сайтынан www.sbfi.admin.ch/scholarships_eng көре аласыз.

КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ШАРТТАР МЕН ТАЛАПТАР:

  • кандидат шәкіртақы алуға өтінім берген кезде, қабылдайтын мекеменің докторлық бағдарламасында қабылдауда болу керек;
  • магистр дәрежесі. Өтініш беруші келесі жылдың қыркүйек айында стипендияның басталуына дейін осы дәрежеге ие болуы тиіс. Ғылыми стипендияның басталуына дейін федералдық стипендия берілу алдында осы дәрежеге ие болуы керек;
  • кандидаттың жасы 35 жастан аспауы қажет;
  • швейцарияда бір жылдан астам өмір сүрген үміткерлер стипендиялық бағдарламаға өтініш бере алмайды;
  • үміткерлер профессордың атынан кандидаттық диссертациясын қолдауын және жұмыс жетекшісі болуына келісуін негіздейтін профессордың хатын (оның қысқа түйіндемесімен бірге) ұсынуы тиіс;
  • үміткерлерде ғылыми жобаның мерзімдік шегі болуы керек. Бұл стипендияны қолданудың негізгі элементі;
  • үміткерлердің қажетті тілдік білімі болуы керек;
  • бұрындары стипендияның иегері болған азаматтар стипендияға үміткер бола алмайды;
  • шәкіртақы иегерлері PhD докторантураның барлық кезеңінде Швейцарияға көшеді деп күтілуде.

Өтініш сұрақтары мен құжаттары келесі мекен-жайға жіберілуі керек:

Қазақстандағы Швейцария Елшілігі

  • Космонавтов көш. 62, 010000 Астана
  • E-mail: ast.vertretung@eda.admin.ch
  • Веб: https://www.eda.admin.ch/astana