Швейцарияда 1,5 млн долларлық скрипка ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияда Сьоне қаласындағы Халықаралық музыкалық фестивальдің көркемдік жетекшісі Павел Верниковтың скрипкасы ұрланды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
None
None

Скрипканы 1747 жылы италиялық шебер Джованни Батиста Гваданини жасаған, оның құны 1,5 млн доллардан асады.

Верниковтың скрипкасы, төрт ысқышы және жеке куәлігі жоғалғаны белгілі болды. Ұрлық пойыздың вокзалға келіп, жолаушылардың көбейген кезінде болған.

«Бұл менің баламды ұрлап кеткендей әсер қалдырды. Онсыз ешқашан музыкамен айналыса алмаймын. Өтінемін, көмектесіңіздерші», - деді музыкант.

Ол «барлық концертінен бас тартқанын» және «өз скрипкасы болмаса, музыкамен айналыса алмайтынын» мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар