Швейцарияда 5 шетелдік альпинист таудан құлап, мерт болды

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Швейцарияда 5 альпинист қаза тапты. Оңтүстік-батыс Вале кантонының полициясы таратқан мәлімдемеге қарағанда, қайғылы оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 13.00-де (мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де) орын алған.

Швейцарияда 5 шетелдік альпинист таудан құлап, мерт болды

Полицияның берген ақпаратына қарағанда, 5 шетелдік альнинист (әзірге ұлттары анықталмаған) Италия шекарасынан алыс емес батыс Альпі тауындағы Лаггинхорн /4010 метр/ шыңын бағындырып, төмен түсіп келе жатқан кезде  құлап кеткен.

Сапар жасаған топтың ішінде 6 адам болған. Алайда олардың біреуі өзін нашар сезінген соң, аялдай туруға шешім қабылдаған. Ол қайғылы жағдайға куә болып, полиция хабар берген. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың мәйіттерін тану және орын алған оқиғаның себептерін тексеру жұмыстары жүргізілуде.