Швейцарияда арқанжол үзіліп, бірнеше адам зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның орталық ауданында арқанжолдың кабелі үзіліп кетті. Сәрсенбі күні Reuters агенттігі хабарлағандай, оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шеккен.
Оның дерегі бойынша, келеңсіз жағдай Обвальден кантонында тау-шаңғы курортында жүргізілген жұмыстар кезінде болған. Оқиға орнына құтқару қызметінің төрт тікұшағы шұғыл аттанып кетті.