Швейцарияда әскери ұшақ жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария армиясы бүгін таңда елдің әскери әуе күштерінің оқу-жаттығу ұшағының жоғалғаны туралы хабар таратты. Бұл жайлы Росбалт жазады.

Швейцарияда әскери ұшақ жоғалып кетті

Жоғалған - Швейцария әскери әуе күштеріне қарасты РС-7 оқу-жаттығу ұшағы. Пейерне елді мекенінің үстінен ұшып өткен ұшақ Локарно қаласына қонуы тиіс еді. Бірақ ұшақ жерге қонбаған. Қазір әуе кемесі мен пилотты іздестіру шаралары жүргізілуде.