Швейцарияда әуе апатынан 5 адам қаза тапты

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Швейцарияда 28 сәуірде кешке қарай Фрибург қаласына жақындаған шақта туристік ұшақ апатқа ұшырады.

Швейцарияда әуе апатынан 5 адам қаза тапты

Әуе апатының салдарынан бортта болған 5 адам көз жұмды, деп хабарлады РБК.

 Ұшақ Лозаннадан ұшып келе жатқан болатын. Ол Фрибург қаласының әуежайына қонуы тиіс еді, алайда жерге қонуға жақындап қалған кезде ұшақ бағытынан айырылып, апатқа ұшырады. Қазіргі уақытта  келеңсіз оқиғаның себептері анықталуда.