Швейцарияда екі пойыз бетпе-бет соқтығысып, 40 адам жапа шекті
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Швейцарияда 29 шілде күні кешқұрым екі жолаушылар пойызы соқтығысты.
Бұл туралы РБК хабарлайды.
Оқыс оқиға салдарынан 44 адам зардап шекті.
Елдің батысындағы Гранж-пре-Марнан қаласының маңында пойыздар соқтығысқан. Теміржол қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Куәгерлердің айтуларынша, вагондар рельстен шықпаған. Әзірге қаза болғандар туралы мәлімет жоқ.