Швейцарияда құндыздар келтіретін шығынды үкіметтен өндіру ұсынылды

None
None
АСТАНА. Швейцарияда билік жабайы құндыздардың келтірген шығынын өтеуге қатысты бастаманы қолдамады, деп жазады The Local.

Сенат қараудан бас тартқан заң жобасын 500 құндыз мекендейтін Тургау кантоны ұсынды. Құжатта кеміргіш аңның инфрақұрылымдарға, атап айтқанда жолға, жағалаудағы нысандарға келтірген залалына өтемақы беру жайы көтерілген.

Заң жобасын ұсынғандар жыл сайы құндыздар миллион франк шығын келтіретінін есептеп шыққан. Алайда осы шығынды ешкім өтеп бермейді.

Жобаны ұсынған Христиан-демократиялық халық партиясының өкілі Роланда Эберле, заңды қабылдау азаматтардың кеміргішке көзқарасын жақсы жаққа қарай өзгертеді деген сенімде.

Швейцарияда құндыздар қатты ауланып 200 жыл бұрын жойылып кеткен. Алайда өткен ғасырдың 50-ші жылдары басқа жақтардан әкелініп жерсіндірілген. Ол 1962 жылы аса қорғалатын жануар түріне жатқызылған. Қазір елде 2,8 мыңдай құндыз бар деп есептеледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram