Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақ сынақтан өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақты алғашқы сынама ұшуға дайындауда. Құрастырушылар оны 2015 жылы аралық қонусыз жер шарын айналып ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Би-Би-Си.
None
None

Solar Impulse 2 ұшу аппараты аэропланның үлкейтілген нұсқасы. Ол өткен жылы Құрама Штаттардың бір жағалауынан екіншісіне дейін ұшып өткен. Сондай-ақ күн энергиясынан қуат алатын бұл ұшақты адам 26 сағат басқарған. Бұл - рекордтық көрсеткіш.

Solar Impulse 2 аппаратын Бертран Пиккар мен Андре Боршберг басқарады.

Жаңа ұшу аппараты көмір пластиктерінен жасалған. Оның қанаттары "Боинг-747" ұшағынан гөрі кеңірек. Алайда Solar Impulse 2-нің салмағы 2,3 тоннаны ғана құрайды.

Соңғы жаңалықтар