Швейцарияда мешіт мұнаралары құрылысына тыйым салу шешімі адамдар арасында өшпендікті тудырады - Ислам зерттеулері академиясы

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Швейцарияда мешіт мұнаралары құрылысына тыйым салу шешімі адамдар арасында өшпендікті тудырады. Бұл туралы бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ІХ отырысы барысында Ислам зерттеулері академиясының бас хатшысы (Мысыр) Абдул Баки Шекат Шукр  мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Швейцарияда мұсылман  мешіттерінің жанында мұнаралар салуға тыйым салынуы мәселесіне тоқталған ол, «меніңше, бұл тақырып, яғни осындай іс-қимылдар адамдар арасында өшпендікті тудырады. Осы орайда біз, дін қызметкерлері ретінде, бұндай идеяларға тосқауыл қоюға жағдай жасап, өзара сүйіспеншілік идеясын насихаттауымыз қажет. Бұл діннің рөліне негізделген», деді.

 «Талқыланатын тақырып әлемдік қоғамдастықта болып жатқан жағдайға қатысты болуы тиіс, яғни адамзаттың өміріне ықпал ететін мәселенің төңірегінде топшылануы керек», -деді ол.

 Бұл тақырыптар адам өмірінің құрамдас бөлігі екенін жеткізген Абдул Баки Шекат Шукр,«ғалым ретінде, дін басшылары ретінде әлемдік қоғамдастықты бейбітшілікке, теңдікке шақыратын құжатты қабылдауға міндеттіміз»,-деді.

 Естеріңізге сала кетейік, Швейцариядағы мешіттерде жаңа мұнаралар көтеруге тыйым салынған болатын. Жақында осы елде жүргізілген референдум кезінде швейцариялықтардың 57,5 пайызы елдегі мешіттердің жанынан мұнаралар құрылысына тыйым салуға дауыс берген.

Соңғы жаңалықтар