Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Швейцарияда мигранттардың үшінші ұрпағына азаматтық беру ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Азаматтық алуға қойылған ең қатаң қағидалардың бірі Швейцарияда. Жексенбіде бұл елде мигранттардың үшінші ұрпағына азаматтық беру жайында референдум өтеді, деп жазады Б-би-си.

Швейцарияда мигранттардың үшінші ұрпағына азаматтық беру ұсынылды

Аталған қағидаға сәйкес, аталары Чилиден Швейцарияға  қоныс аударған, оған қоса өздері Латын Америкасында бірде-бір рет болмаған адамдардың азаматтығы жоқ.

Көптеген елдерде бала туған сәттен бастап азаматтық алуға құқығы бар, алайда Швейцарияда бұл жеткіліксіз.

Егер үміткерде Швейцария азаматтығын алу үшін Конфедерация төлқұжаты бар туысқаны болмаса, оған елде кемі 12 жыл тұруға, тарихты, кантон географиясынан тесттер тапсырып, бірнеше рет әңгімелесуден өтуі және бірнеше мың франк мемлекеттік баж төлеуіне тура келеді.