Швейцарияда пойыздағы жолаушыларға шабуыл жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияда пойыздағы жолаушыларға шабуыл жасалды. Бастапқы дерек бойынша шабуыл жасаған адамды қоса алғанжа жет адам зардап шеккен, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Санкт-Галлен кантоны полициясының хабарлауынша, шабуыл жасаушы 27 жастағы Швейцария азаматы болып шыққан. Ер адам пышақпен қаруланған. Сонымен бірге, ол тез тұтанатын сұйықтықты алып, пойызда шашып от қойған. Салдарынан өз де күйіп қалған.
Әзірге оның осы әрекетке неге барғаны белгісіз.
Оқиға орнын полиция қоршауға алып, тексеру жүргізуде.