Швейцарияда Сириядағы қақтығысты реттеуге арналған конференция ашылады
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Монтре қаласында Сириядағы қақтығысты реттеуге арналған халықаралық конференция басталады.
«Женева-2» деп аталатын бұл мәслихатты БҰҰ Бас хатшысы мен Швейцария Президенті Дидье Буркхальтер ашады, соңынан 40-тан астам елден шақырылған делегация басшылары, негізінен сыртқы істер министрлері сөз сөйлейді.
Осыған дейін сарапшылар конференцияны шақыру қажеттігі жөнінде айтқан болатын. «Женева-2» идеясын алғаш, өткен жылдың мамыр айында АҚШ-тың Бас хатшысы Джон Керри мен РФ СІМ басшысы Сергей Лавров көтерген болатын. Сирия режімінің өкілдері мен Башар Асадтың қарсыластары келіссөздер жүргізеді деп болжануда.