Швейцарияда теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Интерлакен коммунасындағы теміржол өткелінде пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан 17 адам жарақаттанды, деп хабарлайды РИА Новости.

Швейцарияда теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысты

Оқиға кеше кешкі уақытта, пойыз Интерлакеннің шығыс вокзалына бағыт алып келе жатқан кезде орын алған. «Швейцариялық федералдық темір жолдары» (SBB) компаниясының хабарлауынша, пойыздың жолаушылары зардап шеккен жоқ. Автобустың жарақаттанған жолаушылары ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.