Швейцарияда төрт шаңғышы қар көшкіні салдарынан ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариядағы Альпі тауларында болған қар көшкіні төрт шаңғышының өмірін қиып кетті.

Швейцарияда төрт шаңғышы қар көшкіні салдарынан ажал құшты

Келеңсіз жағдай Пиц Вилан тауында орын алған. Тоғыз адамнан құралған топ 2,2 мың метр биіктікте болған. Кенеттен сырғыған қар көшкіні олардың жетеуін басып қалды.

Оқиға орнына үш тікұшақпен жеткен құтқарушылар мерт болған үш адамның денесін және зардап шеккен, ауыр жарақаттанған төрт адамды қар құрсауынан алып шықты. Олар Цюрихтағы, Санкт-Галлендегі және Курадағы госпитальдарға жеткізілді. Кешқұрым біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.