Швейцарияда жыл сайын жаңа президент сайланады

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемнің президенттік жүйедегі ел­де­рінің мемлекет басшыларының қыз­мет атқару мерзімі әртүрлі.
None
None

 Олардың ең кемі бір жылдан басталса, ең ұзағы жеті жылға дейін созылады. Жыл сайын жаңа президент сайлап отыратын ел­дер де бар. Солардың бірі - Швейцария, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

 Еу­ропадағы ең тұрақты ел атанып кет­кен Швейцария тұрғындары жыл са­йын демократиялық жолмен дауыс беру үшін сайлауға барады. АҚШ, Чили, Бра­зи­лия, Аргентина сияқты ел­дер­де төрт жыл сайын президенттік сай­лау болып оты­рады. Ал Венесуэла мем­лекеті алты жыл сайын ауыстырады.  Де­генмен бұл елде президент болған адам өз кан­ди­да­турасын келесі сайлау­лар­ға да шек­теусіз ұсына алады. ТМД мем­лекет­те­рінің көпшілігінде бес жыл са­лып мем­лекет басшыларын анықтай­ды. 2007 жылдан бастап Қазақстанда да жеті жылдан бес жылға дейін қыс­қар­тылды. Парламенттік елдердің бірі Ита­лияда президент жеті жылға сайла­нады екен.

Соңғы жаңалықтар