Швейцариялық елді мекеннің тұрғыны ауылдастарына қарсы оқ ашты
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Швейцарияның оңтүстігіндегі Вале кантонында орналасқан Дайон ауылында жергілікті тұрғын
өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырды, 3 адам өліп, тағы 2-еуі жарақаттанды.
Полиция оқ атқан адамды ұстады. Ұстау кезінде ол оқ жарақатын алды, деп хабарлады Би-Би-Си.
Дайонт елді мекені Женеваның шығысына қарай 100 шақырым жерде орналасқан.
Хабарланғандай, күдікті шамамен 30 жаста. Оқиға кезінде ол спиртті ішімдікке сылқия тойып алған.