04:55, 05 Шілде 2012 | GMT +5
Швейцариялықтар астанасын көшіруді мәселе етіп көтерді
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Швейцариядағы Dieperspektive қоғамының мүшелері астананы көшіру туралы референдум өткізу үшін қол жинауда.

Идеяны жақтаушылардың пікірінше, Цюрих Бернге қарағанда астана болуға лайығырақ.
Euromag.ru хабарлағандай, мәселен, Швейцариядағы әрбір тоғызыншы жұмыс орны Цюрихте, елдегі ең үлкен әуежай мен вокзал да сонда. Сондай-ақ Цюрихте 1 миллионнан астам адам тұрады. Ал Бернде бар болғаны 300 мың халық өмір сүреді.
Референдум өтуі үшін оның бастамашылары алты ай ішінде небәрі 6000 адамның қолын жинауы тиіс. Қолдау табатындарына сенімді идея авторлары сол себепті Цюрихтан федералды шенеуніктерді қабылдай алатын ғимарат іздестіруде.
Еуразия бірінші арнасы